Комитет өкілінің ARIN-AP желісінің 9-отырысына қатысуы туралы

Комитет өкілінің ARIN-AP желісінің 9-отырысына қатысуы туралы

Комитеттің өкілі Сеул қаласында (Оңтүстік Корея) өткен Азия-Тынық мұхиты өңірінің активтерді қайтару ведомствоаралық ARIN-AP желісінің 9-отырысына қатысты.

Отырыстың негізгі мақсаты - өңірлік желілерді дамыту, тәжірибе алмасу және активтерді қайтару мәселелері бойынша стратегиялық ынтымақтастықты талқылау.

Онда сот үкімінсіз активтерді тәркілеу, қылмыстық іс жүргізуден жәбірленушілерге өтемақы төлеу, «ARIN-AP» жүйесі арқылы ынтымақтастықты нығайту мәселелері, сондай-ақ қатысушы елдердің активтерді қайтарудағы үздік кейстері талқыланды.

Шет елдік әріптестердің назарына Қазақстанда «Заңсыз иемденілген активтерді елге қайтару туралы» Заң қабылданып, Активтерді қайтару жөніндегі ведомство құрылғаны туралы ақпарат ұсынылды.

Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Активтерді қайтару жөніндегі комитеті