CASC желісінің жыл сайынғы пленарлық отырысы туралы

CASC желісінің жыл сайынғы  пленарлық отырысы туралы

А.ж. 2 және 3 мамырда Астанада БҰҰ ЕҚБ және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ұйымдастырған Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ елдері үшін халықаралық-құқықтық ынтымақтастық желісінің (CASC) жыл сайынғы пленарлық отырысы өтті.

Ақшаны жылыстату, сыбайлас жемқорлық және активтерді қайтару істері бойынша халықаралық ынтымақтастыққа арналған 6-шы сессияда Комитет басқармасының басшысы Айгерим Нурмухамбетова баяндама жасады.

БҰҰ ЕҚБ-ның қосқан елеулі үлесін белгілеп, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңының негізгі ережелерін және Комитет қызметінің бағыттарын атап өтті.

Сонымен қатар, спикер Комитеттің 2023 жылы БҰҰ ЕҚБ-мен жарияланған, сондай-ақ Астанада Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ арасындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық желісінің (CASC) хатшылығын құру туралы бастамасын қолдауға дайын екенін білдірді.

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

Активтерді қайтару жөніндегі комитеті