Президенттің тапсырмасы бойынша Ақтөбе облысының ауылдарында қайтарылған активтер қаражаты есебінен жаңа медициналық мекемелер ашылды

Президенттің тапсырмасы бойынша Ақтөбе облысының ауылдарында қайтарылған активтер қаражаты есебінен жаңа медициналық мекемелер ашылды

📌 Үкімет азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

📍 Ақтөбе облысының 1,5 мыңнан астам тұрғыны бар Мұғалжар ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Ол Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражатқа және «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасына сәйкес салынған.

🏥 Медициналық нысан амбулаториялық қызмет көрсетеді, зертханалық диагностика мен скринингтер жүргізеді. Жобаның жалпы құны – 300 млн теңге. Амбулатория тәулігіне 45 келушіге есептелген. Сондай-ақ өңірде бұған дейін Арнаулы мемлекеттік қор қаражатына салынған Байғанин ауданының Ноғайты ауылында күніне 40 келушіге есептелген фельдшерлік-акушерлік пункт (құны – 190 млн теңге) және қуаты тәулігіне 25 келушіге арналған Ырғыз ауданының Жарма ауылындағы медициналық пункт (құны – 145 млн теңге) пайдалануға берілген болатын.

🏗 5 мыңға жуық адам тұратын Алға ауданы Маржанбұлақ ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталуға жақын.

✅ Жалпы Ақтөбе облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен құрылған Арнаулы мемлекеттік қордан ауылдық денсаулық сақтау саласында барлығы 11 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда үш нысан пайдалануға берілді, сегіз нысанның құрылысы жалғасуда.