Бүгін Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай прокуратура органдары қызметкерлерінің арасында веломарафон өтті.
Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің атынан жарысқа екі қызметкер – әйелдер арасынан Наталья Есенбекова, ерлер арасынан Расул Есдәулетов қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Комитет өкілдері жоғары нәтижелер көрсетіп, командалық есепте бірінші орынға, жеке есепте екінші орындарға ие болды.
Жалпы қашықтықтың ұзындығы 10 шақырымды құрады.
Бұл жеңіс біздің қызметкерлердің нәтижеге ұмтылысы тек кәсіби қызметте ғана емес, спортта да көрініс тапқанын айқын дәлелдеді.
Комитет алдағы уақытта да салауатты өмір салтын насихаттауға және корпоративтік рухты нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдайтын болады.