Астанада виртуалды активтерді қылмыстық мақсатта пайдалануды тергеу бойынша семинар өтті

Астанада виртуалды активтерді қылмыстық мақсатта пайдалануды тергеу бойынша семинар өтті

Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Бас прокуратура цифрландыруды дамыту және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында жүйелі шаралар қабылдап келеді.

Бұған дейін Бас Прокурор Берік Асылов атап өткендей: «Прокуратура – қылмыспен күресте мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруші орган ретінде мемлекеттік аппараттың барлық ресурстарын, соның ішінде киберресурстарды да асоциалдық құбылыстарға қарсы күресте жұмылдырады. Біз бұл бағытта үнемі креативті шешімдер мен тиімді жұмыс тетіктерін іздестірудеміз».

Технологиялардың қарқынды дамуы салдарынан киберқылмысқа қарсы іс-қимылдың өзектілігін ескере отырып, Бас прокуратура заманауи сын-қатерлерге лайықты жауап бере алатын білікті мамандар даярлауға айрықша мән береді.

Осы шаралардың аясында Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің бастамасымен және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қолдауымен виртуалды активтерді қылмыстық мақсатта пайдалану фактілерін тергеу, оларды қайтару, халықаралық стандарттар мен озық тәжірибені зерделеуге арналған екі күндік семинар өткізілді.

Іс-шараға Бас прокуратура, Құқық қорғау органдары академиясы, Активтерді қайтару жөніндегі комитет, сондай-ақ аумақтық прокуратура қызметкерлері қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты – прокуратура қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және виртуалды активтерді қайтарудың заманауи тәсілдерін меңгеру.

Спикер ретінде шақырылған халықаралық сарапшылар Марчин Зараковски мен Адрианна Червиньска криптовалютамен операцияларды қадағалау және талдау әдістері мен құралдарын, соның ішінде блокчейн талдауы, транзакцияларды мониторингілеу және заңсыз криптомияндарды анықтау тәжірибесімен бөлісті.

Қатысушылар алған білімдерін тәжірибелік тапсырмаларды орындау арқылы бекітті.

Іс-шара қорытындысы бойынша ЕҚЫҰ-ның өкілі Зураб Саникидзе және Активтерді қайтару жөніндегі комитет төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков қатысушыларға курсты сәтті аяқтағаны жөнінде сертификаттарды табыстады.