қайтарылған активтерге жобаларды іске асыру

қайтарылған активтерге жобаларды іске асыру

▫️Ақтөбе облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа білім беру және денсаулық сақтау объектілері салынады. Өңірде 12 әлеуметтік маңызы бар жоба жүзеге асырылуда. Солардың бірі – Ақтөбе қаласындағы ерекше балаларға арналған арнайы балабақша.

▫️Қордан Абай облысында 24 әлеуметтік маңызы бар нысанды жүзеге асыруға қаржы бөлінді. Өңірде жаңа сумен жабдықтау желілері, сондай-ақ медициналық мекемелер салынады.

▫️Атырау облысында денсаулық сақтау, білім беру және сумен жабдықтау салаларында бір нысаннан салынады.

▫️Жетісу облысында білім беру, денсаулық сақтау және сумен жабдықтау салаларында 22 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

▫️Алматы облысында жаңа спорт нысандары, сумен жабдықтау желілері мен медициналық мекемелер салынады. Үкіметтің шешімімен бөлінген қаражат Кеген ауданы Жалағаш ауылында спорт кешенін салуға бағытталды.

▫️Жамбыл облысында қайтарылған қаражатқа 19 жоба салынады. 4 жоба денсаулық сақтау жүйесі желісі бойынша, тағы 15 жоба сумен жабдықтау желілерін салу бойынша.

▫️Батыс Қазақстан облысында жыл соңына дейін 25 жобаны тапсыру жоспарлануда. Бұл медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар, сондай-ақ су құбырларын салу бойынша жобалар.

▫️Маңғыстау облысында қайтарылған активтерге 1 денсаулық сақтау нысаны салынады.

▫️Қостанай облысында сумен жабдықтау желілері түбегейлі жаңартылады. Сондай-ақ өңірде бір денсаулық сақтау және білім беру нысандарын салу жоспарлануда.

▫️Түркістан облысында қайтарылған активтерге бір білім беру объектісін салу, сондай-ақ өңір тұрғындарын сумен қамтамасыз ету бойынша 35 жобаны іске асыру жоспарланған.

▫️Павлодар және Қызылорда облыстарында сумен жабдықтау желілері мен медициналық мекемелердің құрылысы бойынша жобаларды іске асыру жоспарлануда.

▫️Ұлытау облысында жаңа білім беру, денсаулық сақтау және сумен жабдықтау нысандары салынады.