Ұлытау өңіріндегі ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге қайтарылған активтер қаражаты жұмсалды

Ұлытау өңіріндегі ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге қайтарылған активтер қаражаты жұмсалды

📌Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңсыз иемденілген активтер есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік маңызы бар нысандар салу жобаларын жүзеге асыру жұмысы жалғасуда.

🔺Үкімет Ұлытау облысында су құбыры желілерін тартуға Арнаулы мемлекеттік қордан 570 млн теңгеден астам қаржы бөлді.

🔹Жаңаарқа ауданындағы Ералиев ауылдық округі мен Ақбастау ауылының №189 разъезіндегі құбыр құрылысына 274 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.

🔹Жаңаарқа ауданындағы Бидайық ауылдық округіне жаңа су құбырын тарту жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа 296 млн теңге қарастырылған.

✔Жоба тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға және ауылдық жерлерде инфрақұрылым құруға бағытталған. Барлық жұмыс аяқталғаннан соң Жаңаарқа ауданында халықты ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 100%-ды құрайтын болады.

Елімізде сумен жабдықтау қызметіне қолжетімділік қалалық елді мекендерде 99,4%-ды, ауылдық жерлерде – 97,8%-ды құрайды. Ұлытау облысында ауыз сумен қалалар 100%, ауылдар 97,3% қамтылған.