Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті маңызды халықаралық ұйымдардың делегацияларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
Атап айтсақ, Біріккен ұлттар ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқарманың Ауғанстан, Орталық Азия, Иран және Пәкістан бойынша өңірлік өкілі Оливер Штолпе мырзамен, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы бағдарламалар Офисі басшысының міндетін атқарушы Юрий Фенопетов мырзамен, сондай-ақ Еуропа Одағының Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес және ынтымақтастық бөлімінің Басшысы Евгений Евгениев мырзамен кездесулер өтті.
Тараптар іске асырылған бірлескен іс-шаралардың қорытындыларын талқылап, алдағы кезеңге жоспар құрды.
Айта кету керек, аталған ұйымдармен табысты іс-қимыл жасасу нәтижесінде 250-ден астам прокурор өзекті тақырыптар бойынша оқудан өтті.
Активтерді қайтару саласындағы озық тәжірибе мен үздік практикаларды зерделеу мақсатында прокуратура қызметкерлері Әзірбайжан Республикасы, Албания Республикасы, Беларусь Республикасы, Бельгия Корольдігі, Үндістан Республикасы, Ресей Федерациясы, Солтүстік Македония Республикасы, Сербия Республикасы, Швейцария Конфедерациясының және т.б. құзыретті органдарына барды.
Сонымен қоса, шетелдік серіктестердің қолдауымен Бас прокуратурада заңсыз иемденілген активтерді іздеу және қайтаруды жүзеге асыру саласындағы білімдермен алмасуға бағытталған халықаралық конференциялар өткізілді.
Комитет төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков БҰҰ ЕҚБ, ЕҚЫҰ және Еуропа Одағының Комитет бастамаларын қолдаудағы елеулі үлесін атап өтті және ведомствомен тұрақты диалогты дамытқандары үшін алғыс білдірді.
Өз кезегінде миссиялардың басшылары тиімді өзара іс-қимылды ұстанатындарын растап, одан әрі техникалық көмек көрсету және Комитеттің әлеуетін өсіру арқылы ынтымақтастықты дамыту туралы ниеттерін білдірді.
Халықаралық ұйымдармен бірлесіп іске асырылатын іс-шаралар ведомствоның сыртқы контурдағы мүмкіндіктерін кеңейтуге, озық тәжірибемен алмасуға және активтерді қайтару тәсілдерін жетілдіруге ықпал етеді.