“Айбын-2025”.

“Айбын-2025”.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай елімізде, соның ішінде Күршім ауданында “Айбын-2025” әскери-патриоттық бағыттағы іс-шаралар кең көлемде ұйымдастырылуда. Мектеп оқушылары мен жастар арасында өткізілетін бұл жарыстар – елге, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға, батыр бабалар ерлігін ұлықтауға бағытталған.
Жарыстар барысында қатысушылар саптық дайындық, әскери эстафета,өздерінің физикалық дайындығын, ұйымшылдық пен батылдық қасиеттерін көрсетті. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастыруға, ел тарихына деген құрметті арттыруға үлкен үлес қосады.