
2026 жылдың 4 наурызы күні "Мектеп парламент" жобасын іске асыру аясында дарынды және талантты білім алушыларға арналған "Жұлдызды сағат" атты кездесу өтті. Мақсаты: дарынды, бастамашыл және әлеуметтік белсенді білім алушыларды анықтау және қолдау, олардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту, спорт, өнер, білім және тағы басқа салаларда жетістікке жеткен танымал тұлғалармен тікелей кездесулер арқылы ынталандыру мен мотивация беру, азаматтық белсенділігін арттыру және қоғамдық маңызы бар бастамаларға қатысу дағдыларын қалыптастыру. Кездесуге аудан мектептерінің Мектеп парламент басшылары мен әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Солтанқызы қатысты. Шара "Сұхбат бөлімі", "Жұлдызды сұрақ", "Блиц-турнир" бөлімдерінен тұрды. «Жұлдызды сағат» кездесу ерекше атмосферада өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған әсерлі шара болды.