
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ханталапай» ұлттық ойындары мен "Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала" қолдан жасалған бұйымдар республикалық байқауының аудандық кезеңдері өтті.Мақсаты:Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық құндылықтарға баулу, қазақтың ұлттық ойындары мен қолөнерін насихаттау арқылы балалардың ой-өрісін, ептілігін, шығармашылығын дамыту және отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайту.Әділ қазылар алқасы бағалап,облысқа үздік жұмыстар жіберілді.