
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» Шығыс Қазақстан облысы С. Аманжолов атындағы университетпен бірлесіп, 2026 жылғы 27 ақпанда жасанды интеллектті қолдана отырып өткізілген сабақтардың әдістемелік галереясын өткізді. Іс-шара облыстық «Жасанды интеллектті қолдана отырып өткізілген үздік сабақ» конкурсының қорытындысы бойынша ұйымдастырылып, өңірдің үздік педагогикалық тәжірибелерін таныстыру және тарату алаңына айналды.
Галерея барысында конкурс жеңімпаздары – педагогтер тәжірибеге бағдарланған сабақ модельдерін ұсынды. Жасанды интеллектті қолдана отырып сабақты жобалау алгоритмдері, оқытуды дараландыру мысалдары, сыни ойлауды дамыту құралдары, қалыптастырушы бағалауға және оқу мотивациясын арттыруға арналған шешімдер, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды қолдау тәсілдері көрсетілді.
Сол шараға Барақ батыр негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, «Жасанды интеллектті қолдана отырып өткізілген үздік сабақ» конкурсының жеңімпазы Тілеубекова Азиза Тілеубекқызы қатысып, облыс педагогтері алдында спикер ретінде тәжірибесымен бөлісіп қайтты.
https://www.instagram.com/p/DVabKEVDHtK/?igsh=MXB3MHQxejVnbnRkNw==