Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Кушерова Әсел Солтановна аттестация тестілеуінен 50 ұпайдың 50 ұпайын жинап, үздік нәтиже көрсетті! 👏
Бұл — терең білімнің, жоғары кәсіби шеберліктің, тынымсыз ізденіс пен табанды еңбектің айқын дәлелі. Ұстаздық жолындағы адалдық пен жауапкершіліктің жарқын жемісі.
Қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, әдебиет арқылы жас ұрпақтың рухани әлемін байытып жүрген әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! 🌿
Сізге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, шәкірттеріңіздің толағай табыстары мен кәсіби жолыңызда жаңа белестер тілейміз!
🌟 Еңбегіңіз жана берсін, мерейіңіз үстем болсын!
https://www.instagram.com/p/DVJKAlXiE69/?utm_source=ig_web_copy_link