Зияткерлік байқау

Зияткерлік байқау

2026 жылдын 11 акпан күні Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы ZЕRDELI ақыл-ойды дамыту орталығымен бірлесіп, жалпы орта білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті, математика пәні мұғалімдерінің қатысуымен оку және математикалык сауаттылығына негізделген зияткерлік байкауын өткізді.
Байкауға "Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі" КММ математика пәні мұғалімдері және "Ю.Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінен құралған команда қатысты.
Сайыста әр маманның кәсіби шеберлігі, зияткерлік әлеуетіне негізделген тапсырмалар берілді. Сайыста білім мен біліктілігі, логикаға арналған кезеңдік тапсырмалар ұсынылды. Қатысушылар жұптық, топтық форматта білім сайысына түсті.
Топтық кезеңде Күршім ауданы III орынды иеленді.

Жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!