
2026 жылдың 10 ақпан күні "Үздік авторлық бағдарлама" республикалық конкурсының аудандық кезеңі өтті. Конкурстың мақсаты-пәндер бойынша таңдау курстарын, арнайы курстар, элективті курстар, оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы авторлық тәжірибесін анықтау және тарату. Аудандық кезеңге 8 педагог қатысып, 4 бағыт бойынша 4 педагог облыстық кезеңге жолдама алды.