"Lead the Change Reframing TESOL for Global Learners" халықаралық ғылыми конференция.

"Lead the Change Reframing TESOL for Global Learners" халықаралық ғылыми конференция.

2025 жылдың 10-11 қазаны аралығында Өзбекстан Республикасынның Ташкент қаласы Webster University орнында өткен "Lead the Change Reframing TESOL for Global Learners" халықаралық ғылыми конференцияда «Ю.А. Гагарин атындагы №1 Күршім орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері: Жумажанова М.С. Темиргалиева А.Е. және ағылшын тілі пәні мұғалімі Магауянова Г.Е. «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен әлімжеттіктің (буллингтің) алдын алу» тақырыбында 45 минуттық Питч-сессия өткізді. Сессияда әлімжеттіктің алдын алу мен оны азайтуға арналған практикалық стратегиялар ұсынылды, сонымен қатар оқушылар арасында жанашырлық пен ынтымақтастықты дамыту жолдары қарастырылды. Биыл мемлекетімізде жүріп жатқан «ДОСБОЛLIKE» антибуллинг бағдарламасы аясында осы такырып өзекті. Абайдың 180 жылдығына орай «Толық адам» концепциясы мен қара сөздері таныстырылды. Абайдың философиясын негізге ала отырып, буллинг пен агрессияны жою жолдары айтылды. Норвегиялық карикатуршы және психотерапевт Ойштейн Кристиансен пен Дарюс Радкевигтің «Шимайжазбалар» кітабынан тренингтер: «Агрессиямен жұмыс», « Қорқынышты жеңу, эмоцияларды анықтау, үміт қалыптастыру және өзгеріс чемпионы болу». Қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс берді. Алдағы уакытта Самарқант мемлекеттік университетінің ұстаздарымен коллаборация жасау жоспарланып отыр.