“Мектепке жол” республикалық қайырымдылық акциясы 2025 жылдың 1 тамызынан басталып 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Акция мақсаты: №64 қаулысындағы санаттағы балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуеттік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету. Осыған орай 2025 жылдың 26 тамызы күні ауданымызда аталған акция бойынша жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге білім беру қызметкерлері қатысып, 91500 (тоқсан бір мың бес жүз) теңге қаражат жиналды. Шығыс Қазақстан облысы білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымы көп балалы, аз қамтылған отбасыларына бастауыш сыныптар мен үлкен сыныптар санатына бөлініп мектеп 25 сөмкелер жасақталып, берілді. Сонымен қатар, аудандық кәсіподақ ұйымы тарапынан жаңа оқу жылына қажет оқу құралдарын алу үшін 30 дана сертификат, жалпы сомасы 400000 (төрт жүз) мың теңге көлемінде қаржы берілді. Жиналған қаражат №64 қаулысындағы санаттағы балаларға табысталды.
Мектепке жол акциясы аясында бүгінгі күнге жалпы 3391500 қаражат көлемінде көмек көрсетілді.
Игі шара бір реттік емес, акция аясында әлі де өз жалғасын таба береді.
Жақсылық жасауға асығайық!
https://www.instagram.com/reel/DN29nuo2kTp/?igsh=MTF4aTRoNzl4MzF5Nw==