7-8 сынып оқушыларына арналған «Киелі Шығыс» оқу-танымдық туры.

7-8 сынып оқушыларына арналған «Киелі Шығыс» оқу-танымдық туры.

Жазғы жайдарлы сәттер!
Дарын орталығының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес,Күршім ауданына 15 шілде күні 7-8 сынып оқушыларына арналған «Киелі Шығыс» оқу-танымдық турымен 50 оқушы және 15 жетекшіні «Балдәурен» лагері қарсы алды. Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Іңкәр Мұратқызы және ауданымыздың төтенше жағдай мамандары тур қатысушыларына жаз айларындағы өрт қауіпсіздігі, жол жүру ережесін сақтау және су айдындарындағы қауіпсіздікті қатаң сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Тур қатысушылары ауданымыздың мәдени және тарихи мұрасымен танысып,өлкенің киелі жерлерін зерделеп,табиғи байлықтың сан алуандылығын түсініп, құрметтеп, туристік қызметті белсендіру арқылы салауатты өмірді насихаттап Сарыөлең ауылындағы Мойнақ шатқалындағы таңбалы тастарды, Қиын-Керіш шатқалын,Шәкірміс шатқалын аралап қайтады.
22-24 шілде аралығында Күршім ауданынан 7-8 сынып оқушыларына арналған «Киелі Шығыс» оқу-танымдық турымен 10 оқушы 1 жетекші Риддер қаласындағы Таулы-Үлбіге барады. Тур қатысушылары өлкенің табиғаты мен тарихи мұрасымен танысып,өлкенің киелі жерлерін аралап,оқу-танымдарын арттырып келеді.