2025 жылы жазғы маусым кезінде балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз ету мақсатында аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы М.К.Садуакасова, бас маманы Г.М.Шокенова, аудандық ТЖБ бас маманы Д.С Мамырханов, Күршім АПБ бастығының орынбасары Е.С.Кабдуалиевтың қатысуымен мектептердің тәрбие меңгерушілеріне, тәлімгерлерге, медбикелерге, аспазшылар мен мердігерлерге семинар ұйымдастырылды. Ведомствоаралық органдардың мамандары өз салалары бойынша балалардың өмірі мен денсаулығының сақталуын, олардың судағы, көшедегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратылды.