2025 жылдың 13 мамырда сегізінші шақырылған Күршім аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз сегізінші сессиясы өтті.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз сегізінші сессиясына мәслихаттың 7 депутатынан 5 депутат қатысты.Кезектен тыс сессияға Күршім ауданы әкімінің орынбасары Алмас Пернебекұлы Ижимов, аудан әкімі аппаратының басшысы Сәндібек Сейітбекұлы Дүзбаев, жалпы бөлімнің басшысы Даниар Талғатұлы Әділбеков, аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жанболат Жәмелханұлы Жәмелхан, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қуанған Сайпышұлы Қарағызов, Сарыөлең ауылдық округінің әкімі Серік Алтынбекұлы Ақсартов қатысты.
Сессияда келесі мәселелер қаралды:
1.Күршім ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Жанболат Жәмелханұлы Жәмелхан - аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.
2.Күршім ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
Жанболат Жәмелханұлы Жәмелхан - аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
3.Күршім ауданы бойынша 2025 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы
Жанболат Жәмелханұлы Жәмелхан - аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
4.Күршім аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №32/8-VІII «Сарыөлең ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Серік Алтынбекұлы Ақсартов – Сарыөлең ауылдық округінің әкімі
5.Күршім ауданы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы
Даниар Талғатұлы Әділбеков – жалпы бөлімнің басшысы
6.Жер учаскелерін табыстау үшін құрылған комиссияның құрамын өзгерту туралы
Қуанған Сайпышұлы Қарағызов – аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы
7.«Күршім ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы
Сәндібек Сейітбекұлы Дүзбаев – аудан әкімі аппаратының басшысы
Қаралған мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды.
Онлайн трансляцияға сілтеме: https://youtu.be/LS0M-mlKOig?si=BKifHdop735sxTrc