2025 жылдың 22 сәуірде сегізінші шақырылған Күршім аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз алтыншы сессиясы өтті.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз алтыншы сессиясына мәслихаттың 7 депутатынан 5 депутат қатысты.Кезектен тыс сессияға аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гульзира Құмарғазықызы Жанаева, жалпы бөлімнің басшысы Даниар Талғатұлы Әділбеков қатысты.
Сессияда келесі мәселелер қаралды:
1.Күршім аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №31/4-VІII «2025-2027 жылдарға арналған Күршім ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Гульзира Құмарғазықызы Жанаева - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы
2.Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесінің дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы»
Даниар Талғатұлы Адилбеков– аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімнің басшысы
3.Күршім ауданының әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы
Даниар Талғатұлы Адилбеков– аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімнің басшысы
4.Күршім ауданының терроризмге қарсы комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы
Даниар Талғатұлы Адилбеков– аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімнің басшысы
Қаралған мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды.
Онлайн трансляцияға сілтеме: https://youtu.be/t_QClFzYrhs?si=rvOCpKzsKSHDSzTC