
2026 жылдың 11 ақпанында сегізінші шақырылған Күршім аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық тоғызыншы сессиясы өтті.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық тоғызыншы сессиясына мәслихаттың 6 депутатынан 4 депутат қатысты.Кезектен тыс сессияға аудан әкімінің орынбасары Роллан Нұрланұлы, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гульзира Құмарғазықызы Жанаева, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Роза Кусаинқызы Тлеубаева, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Сессияда келесі мәселелер қаралды:
1.Күршім аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №47/4-VІII «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Гульзира Құмарғазықызы Жанаева – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы
2.«Аудандық округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы» Күршім аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №31/2-VІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Роза Кусаинқызы Тлеубаева - аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары
3.«Аудандық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Күршім аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №14/21-VІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Роза Кусаинқызы Тлеубаева - аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары
Қаралған мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды.
Онлайн трансляцияға сілтеме: https://youtu.be/7pfnwUHczzo?si=cwYUj4oW0fMbbREe