
2025 жылдың 18 желтоқсанында сегізінші шақырылған Күршім аудандық мәслихатының кезекті қырық жетінші сессиясы өтті.
Аудандық мәслихаттың кезекті қырық жетінші сессиясына мәслихаттың 6 депутатынан 5 депутат қатысты.Кезекті сессияға Күршім ауданының әкімі Мейржан Канатбекович Альбеков, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, аудандағы мекеме, бөлім басшылары, қоғамдық ұйым, ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияда келесі мәселелер қаралды:
1.Күршім аудандық мәслихаты қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстары туралы аудандық мәслихат төрағасының есебі
Қайрат Тоқанұлы Бахтияров – Күршім аудандық мәслихатының төрағасы
2.Күршім аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №31/4-VІII «2025-2027 жылдарға арналған Күршім ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Гульзира Қумарғазықызы Жанаева - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы
3.2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
Гульзира Құмарғазықызы Жанаева – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы
4.Күршім ауданының ауылдық округтерінің 2024-2028 жылдарға арналған Даму жоспарын іске асырылуы туралы
Нұрланұлы Роллан – аудан әкімінің орынбасары
5.Күршім ауданындағы жер ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау жөніндегі атқарылып жатқан жұмыстар туралы
Арнур Асқарбекұлы Искаков – аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы
6.Күршім ауданында мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру барысы туралы
Арайлым Сейткамзақызы Қасымбаева - аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы
7.Сарыөлең ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау жөніндегі есебі
Серік Алтынбекұлы Ақсартов – Сарыөлең ауылдық округінің әкімі
8.«Жұмысшы мамандықтары жылы» «Күршім» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын қызметкерлеріне жасалып отырған еңбек жағдайлары туралы
Аслан Сеитканұлы Ақанов - «Күршім» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының директоры
9.Күршім аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы
Қайрат Тоқанұлы Бахтияров – Күршім аудандық мәслихатының төрағасы.
Қаралған мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды.
Онлайн трансляцияға сілтеме: https://youtu.be/cjVWDX67oZg?si=yY6MWLHR5N65pI9y