
Аудандық мәслихат депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына!
Аудандық мәслихаттың кезекті қырық жетінші сессиясын шақыру туралы
VIІІ - шақырылған Күршім аудандық мәслихатының кезекті қырық жетінші сессиясы 2025 жылдың желтоқсан айының 18 күні сағат 10-00-де Күршім ауылында, аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді.
Күн тәртібіне төмендегідей мәселелер ұсынылады:
1.Күршім аудандық мәслихаты қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстары туралы аудандық мәслихат төрағасының есебі.
Қайрат Тоқанұлы Бахтияров - аудандық мәслихаттың төрағасы.
2.2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
Гүлзира Құмарғазықызы Жанаева - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы
3.Күршім ауданының ауылдық округтерінің 2024-2028 жылдарға арналған Даму жоспарын іске асырылуы туралы
Роллан Нурланұлы - аудан әкімінің орынбасары
4.Күршім ауданындағы жер ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау жөніндегі атқарылып жатқан жұмыстар туралы.
Қуанған Сайпышұлы Қарағызов - аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы
5.Күршім ауданында мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру барысы туралы
Арайлым Сеитқамзақызы Қасымбаева- аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы
6.Сарыөлең ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі
Серік Алтынбекұлы Ақсартов - Сарыөлең ауылдық округінің әкімі
7.Әр түрлі мәселелер.
Тұрақты комиссиялар отырысы сағат 08-30 - да.
Күршім аудандық
мәслихатының төрағасы К.Бахтияров