2025 жылдың 28 қарашасында сегізінші шақырылған Күршім аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық бесінші сессиясы өтті.

2025 жылдың 28 қарашасында сегізінші шақырылған Күршім аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық бесінші сессиясы өтті.

2025 жылдың 28 қарашасында сегізінші шақырылған Күршім аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық бесінші сессиясы өтті.

      Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық бесінші сессиясына мәслихаттың 6 депутатынан  5  депутат қатысты.Кезектен тыс сессияға  аудан әкімінің орынбасары Алмас Пернебекұлы Ижимов, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ришат Даулетханұлы Искаков, аудандық экономика және қаржы бөлімінің бюджетті жоспарлау бойынша бас маманы Мөлдір Мерекеқызы Майлыханова, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

1.Күршім аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қайрат Тоқанұлы Бахтияров – Күршім аудандық мәслихатының төрағасы

2.Күршім ауданының 2026 жылға арналған оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық  режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Ришат Даулетханұлы Искаков – аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

3.Күршім аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №31/4-VІII «2025-2027 жылдарға арналған Күршім ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Мөлдір Мерекеқызы Майлыханова – аудандық экономика және қаржы бөлімінің бюджетті жоспарлау бойынша бас маманы

 

Қаралған мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды.

Онлайн трансляцияға сілтеме: https://youtu.be/7zQzVKtfFhE?si=psnf-EDyLkLnIJtu