Аудандық мәслихат депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына! Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық бесінші сессиясын шақыру туралы

Аудандық мәслихат депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына! Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық бесінші сессиясын шақыру туралы

 Аудандық мәслихат депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына!

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық бесінші сессиясын шақыру туралы

      VIІІ - шақырылған Күршім аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық бесінші сессиясы 2025 жылдың қараша айының 28 күні сағат 09-30-да Күршім ауылында, аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді.                 

                         Күн тәртібіне төмендегідей мәселелер ұсынылады:

1.Күршім ауданының 2026 жылға арналған оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

 Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы                                                                                                                              

2.Күршім аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 31/4-VІII «2025-2027 жылдарға арналған Күршім ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

3.Әр түрлі мәселелер.

Тұрақты комиссиялар отырысы сағат 09-00-де.  

 

Күршім аудандық

мәслихатының төрағасы                                                  К.Бахтияров