
2025 жылдың 29 қазанында сегізінші шақырылған Күршім аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық үшінші сессиясы өтті.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық үшінші сессиясына мәслихаттың 7 депутатынан 5 депутат қатысты.Кезектен тыс сессияға аудан әкімінің орынбасары Нұрланұлы Роллан, аудандық экономика және қаржы бөлімінің бюджетті жоспарлау бойынша бас маманы Мөлдір Мерекеқызы Майлыханова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жасұлан Жайлаубайұлы Мәжібаев, «AMANAT» партиясы Күршім аудандық филиалының төрағасы Досым Алтайұлы Жұмағалиев, Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Роза Құсайынқызы Тлеубаева, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Сессияда келесі мәселелер қаралды:
1.Күршім аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №31/4-VІII «2025-2027 жылдарға арналған Күршім ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Мөлдір Мерекеқызы Майлыханова – аудандық экономика және қаржы бөлімінің бюджетті жоспарлау бойынша бас маманы
2.Күршім аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 20/3-VIII «Күршім ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жасұлан Жайлаубайұлы Мәжібаев – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
3.VIІІ-шақырылған Күршім аудандық мәслихат депутатының өкілеттілігін тоқтату туралы
Қайрат Тоқанұлы Бахтияров – Күршім аудандық мәслихатының төрағасы
4.Күршім аудандық мәслихатының 2024 жылғы 4 наурыздағы №19/10-VIII «VІІI-шақырылған Күршім аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қайрат Тоқанұлы Бахтияров – Күршім аудандық мәслихатының төрағасы
Қаралған мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды.
Онлайн трансляцияға сілтеме: https://youtu.be/IUnTtlBduyI?si=3eoO_zyBxrlE5w3-