
Аудандық мәслихат депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына!
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық үшінші сессиясын шақыру туралы
VIІІ - шақырылған Күршім аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық үшінші сессиясы 2025 жылдың қазан айының 29 күні сағат 10-30-да Күршім ауылында, аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді.
Күн тәртібіне төмендегідей мәселелер ұсынылады:
1.Күршім аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 31/4-VІII «2025-2027 жылдарға арналған Күршім ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2.Күршім аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 20/3-VIII «Күршім ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.
3.Әр түрлі мәселелер.
Тұрақты комиссиялар отырысы сағат 10-00 - да.
Күршім аудандық
мәслихатының төрағасы К. Бахтияров