2025 жылдың 15 қыркүйекте сегізінші шақырылған Күршім аудандық мәслихатының кезекті қырық бірінші сессиясы өтті.

2025 жылдың 15 қыркүйекте сегізінші шақырылған Күршім аудандық мәслихатының кезекті қырық  бірінші сессиясы өтті.

2025 жылдың 15 қыркүйекте сегізінші шақырылған Күршім аудандық мәслихатының кезекті қырық  бірінші сессиясы өтті.

       Аудандық мәслихаттың кезекті қырық бірінші сессиясына мәслихаттың 7 депутатынан  6  депутат қатысты.Кезекті сессияға  Күршім ауданының әкімі Мейржан Канатбекович Альбеков, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, аудандағы мекеме, бөлім басшылары, қоғамдық ұйым, ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

1.Ауданның тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық және мәдени-әлеуметтік нысандарының жылыту маусымына дайындығы туралы

Қайрат Зайнолдабекұлы Әзімбаев – аудан әкімінің орынбасары

2.Балықшы ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау жөніндегі есебі

Ержан Тоқайұлы Тлеубаев – Балықшы ауылдық округінің әкімі

3.Күршім ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау жөніндегі есебі

Ерлан Нұрсоветұлы Нурсоветов – Күршім ауылдық округінің әкімі

4.Депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және  әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі

Ляззат Құмарызы Кумарова – тұрақты комиссиясының төрағасы

5.Күршім аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №31/4-VІII «2025-2027 жылдарға арналған Күршім ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Гульзира Құмарғазықызы Жанаева - аудандық экономика және  қаржы бөлімінің басшысы

6.Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасылардың) өтінішін қарау бойынша арнайы комиссияның құрамы туралы

Жасұлан Жайлаубайұлы Мәжібаев – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

7.Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарды көтермелеуге байланысты комиссиясының құрамына  өзгерістер енгізу туралы

Даниар Талғатұлы Адилбеков – аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімнің басшысы

8.Қылмысқа  және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  жөніндегі  Үйлестіру  кеңесінің дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы

Даниар Талғатұлы Адилбеков– аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімнің басшысы

9.Күршім ауданы әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамына өзгерістер енгізу туралы

Даниар Талғатұлы Адилбеков– аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімнің басшысы

10.Жер учаскелерін табыстау үшін  құрылған  комиссияның құрамын өзгерту туралы

Қуанған Сайпышұлы Қарағызов – аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы

Қаралған мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды.

Онлайн трансляцияға сілтеме: https://youtu.be/E8cBazpKOqI?si=O8e3QKHEvWULlpav