КУРЧАТОВ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ СЕССИЯСЫ

КУРЧАТОВ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ СЕССИЯСЫ

КУРЧАТОВ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИЫРМА

АЛТЫНШЫ СЕССИЯСЫ

 

2025 жылдың 19 наурызында Курчатов қалалық мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясы болып өтті. Сессия жұмысына Курчатов қаласының әкімі Б.Т. Абдралиев, Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі  Г.С. Саденова және қала кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары қатысты.

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

2024 жылға арналған қалалық бюджеттің атқарылуы туралы мәселе бойынша Курчатов қаласының әкімі Б.Т. Абдралиевтің есебі тыңдалды.

Сессияда Курчатов қаласының әкімі Б.Т. Абдралиев 2024 жылғы қалалық бюджеттің орындалуы туралы есеп берді.

         2024 жылғы есеп бойынша қала бюджетіне 2 554 226,3 мың теңге кіріс түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 416 641,7 мың теңгеге артық. Жалпы, 2024 жылға белгіленген жоспардан тыс қала бюджетіне 579 049,3 мың теңге түсті.

2024 жылға арналған қала бюджетінің орындалуы республикалық және облыстық бюджеттерден келіп түскен түсімдерді есепке алғанда 3 070 376,8 мың теңгені немесе 100,0%-ды құрады.

         Тексеру комиссиясының мүшесі Саденова Г.С. қорытындысы бойынша ҚР бюджет заңнамасын бұзушылықтар болған жоқ.

                Сондай-ақ, сессияда ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы А.Ж. Қойбағысовтың «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және кәсіпкерлік субъектілерін қолдау жөніндегі жұмыстар туралы» ақпараты тыңдалды, 2024 жылға арналған мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттік және этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының баяндамасы бекітілді.

Қарастырылға мәселелердің қорытындысы бойынша депутаттар 2024 жылға арналған бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекітті, шешімдер қабылдады және жергілікті атқарушы органдарға бюджет қаражатын жоспарлау мен жұмсауға бақылауды күшейту, дебиторлық және кредиторлық берешектің алдын алу, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бойынша бірқатар ұсыныстар берді.

Курчатов қалалық мәслихаты