2025 жылдың 18 наурызында қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті

2025 жылдың 18 наурызында қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті

2025 жылдың 18 наурызында қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті.

Отырысқа Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы Г.М. Хусайнова, қала әкімінің орынбасары Д.Д. Улмесеков, ТКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Б.С. Жолдахмет және Курчатов қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Е. Кожахметова қатысты.

Комиссияның бірлескен отырысында келесі мәселелер қаралды:

1.2024 жылғы қалалық бюджеттің орындалуы туралы.

2.Қалалық мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртібі, депутаттық өкілеттік және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы.

3.Қаланы көктемгі-жазғы кезеңдерге дайындау жоспары туралы (су тасқынына қарсы іс-шаралар, қала аумағын абаттандыру, инфрақұрылым нысандарын жөндеу, масалар мен шыбын-шіркейге қарсы күрес шаралары және т.б.).

Тұрақты комиссиялармен 2024 жылғы қалалық бюджеттің орындалуы туралы мәселе бойынша мәслихаттың кезекті сессиясына шешім жобалары әзірленді.

Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары Д.Д. Улмесековке су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау тапсырылды. Жергілікті атқарушы органдарға қаланың инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыру барысында мердігерлердің жұмыстарының сапасын бақылау және дезинсекциялық жұмыстарды уақтылы жүргізу жөнінде ұсыныстар берілді.

 

Курчатов қалалық мәслихаты