Курчатов қаласы қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы

Курчатов қаласы қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы

2025 жылдың 4 наурызында қалалық әкімдіктің отырыс залында Курчатов қаласы қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы болып өтті.

Отырыста ашық дауыс беру арқылы Курчатов қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы және төралқаның толық құрамы сайланды. Қоғамдық кеңестің төрағасы болып, Б.Е. Бекмагамбетов сайланды. Төралқа құрамына Л.В. Киселева, А.О. Рахимжанов, А.Н. Зареченский, И.Г. Соколов, Р.Б. Бутанаев енгізілді.

Сонымен қатар, отырыста Курчатов қаласының қоғамдық кеңесі туралы ереже бекітілді және алғашқы өткізілетін іс-шаралар айқындалды.

Курчатов қаласының қоғамдық кеңесі