КУРЧАТОВ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОН АЛТЫНШЫ СЕССИЯСЫ

КУРЧАТОВ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОН АЛТЫНШЫ СЕССИЯСЫ

2024 жылғы 27 наурызда Курчатов қалалық мәслихатының кезекті он алтыншы сессиясы болып өтті. Сессия жұмысына Курчатов қаласының әкімі Б.Т. Абдралиев, Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі             Е.Д. Битолеуов және қала кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары қатысты.

Сессияда келесі сұрақтар қаралды:

  1. 2023 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі жылдық есепті бекіту туралы
  2. Курчатов қаласында мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуы туралы
  3. Мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі, депутаттақ өкілдік және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі (Тукенов Т.Б.).
  4. Әртүрлі.

Бюджеттің атқарылуы мәселесі бойынша Курчатов қаласының әкімі              Б.Т. Абдралиев тыңдалды. 2023 жылғы есепке сай қала бюджетіне өз кірістері бойынша 2 137 583,8 мың теңге түскен. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 35 744,2 мың теңгеге артық. Жалпы, 2023 жылы қала бюджетіне белгіленген жоспардан тыс 332 890,8 мың теңге түсті.
2023 жылы бюджеттің шығысы республикалық және облыстық трансферттерді қоса алғанда 99,7% орындалды.
Қаралған сұрақтар негізінде депутаттар 2023 жылғы бюджеттің атқарылуы жайлы есепті бекітіп, жергілікті атқарушы органдарға бюджет қаражатын жоспарлау және жұмсау кезінде бақылауды күшейту және дебиторлық және кредиторлық берешектің алдын алу бойынша жұмысты жалғастыру жөнінде бірқатар ұсыныстар берді.



Курчатов қалалық мәслихаты