ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ

2024 жылдың 13 наурызында В.А. Витюктің төрағалық етуімен Курчатов қалалық мәслихатының бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі комиссиясының отырысы болып өтті.

Отырысқа Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы Г.М.Хусайнова, Курчатов қаласы әкімінің орынбасарлары Д.Д.Улмесеков және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

            Отырыс барысында Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Г.А.Тлесовтың «Курчатов қаласындағы кәсіпкерлікті қолдау және дамыту тетіктері туралы» ақпараты тыңдалды.

Г.А. Тлесовтың ақпаратын тыңдай және талқылай келе, комиссия жергілікті атқарушы органдарға кәсіпкерлікті ынталандыру және дамыту, сондай-ақ тұрғындар арасында кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша жұмыстарды жалғастыруды ұсынды.

 

Курчатов қалалық мәслихаты