Тұрақты комиссия отырысы

Тұрақты комиссия отырысы

2024 жылғы 29 ақпанда Курчатов қалалық мәслихатының әлеуметтік даму, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы болып өтті.

Отырыс барысында депутаттар қала мектептерін аралап, қала мектептерінің ыстық тамақпен қамтамасыз етілуімен танысты.

Комиссия жұмыс қорытындысы бойынша мектеп директорларына санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды мүлтіксіз сақтау және тамақтандыру сонымен қатар бракераждық комиссиялардың жұмысын тұрақты бақылауға алу жөнінде ұсыныстар енгізу туралы шешім қабылдады.

Курчатов қалалық мәслихаты