ШЫҒЫП ҚАЛҒАН МҮШЕЛЕРДІҢ ОРНЫНА КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫ САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

ШЫҒЫП ҚАЛҒАН МҮШЕЛЕРДІҢ ОРНЫНА КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫ САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихаты

кезектен тыс он бесінші сессиясының

2024 жылғы 21 ақпандағы № 15/92-VIІІ шешімі

 

Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 13/76-VIІІ «Аумақтық және учаскелік сайлау

комиссияларының мүшелерін сайлау туралы»

шешімге өзгеріс енгізу туралы

  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10, 19 - баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 7-1) тармақшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 13/76-VIІІ «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

№ 152 учаскелік сайлау комиссиясының құрамынан «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлерінің жергілікті кәсіби одағы» ҚБ -дан өз қалауы бойынша міндетінен босату туралы өтініш беруіне байланысты Асхат Серикболович Шакенов шығарылсын.

         2. Саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктер Курчатов қаласының № 152 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына шығып қалған мүшенің орнына кандидаттар бойынша ұсыныстарды 2024 жылдың 15 наурызына дейін енгізсін.          3. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Курчатов қалалық мәслихатының

төрайымы                                                                       Г. Хусайнова

ШЫҒЫП ҚАЛҒАН МҮШЕЛЕРДІҢ ОРНЫНА КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫ САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН САЙЛАУ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының  10, 19 - баптарына  сәйкес Абай облысы Курчатов қаласының мәслихаты мүшелерді сайлау туралы хабарлайды:  

 

Сайлау комиссиясының атауы

және нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

Курчатов қаласының № 152 учаскелік сайлау комиссиясы

Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 10 Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 2 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ғимараты

 

Сайлау комиссиясының мүшелері тиісті комиссия орналасқан әкімшілік аумақтық бірлік аумағында тұруы тиіс.

Саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктерден сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар бойынша келіп түскен ұсыныстарды Курчатов қалалық мәслихаты 2024 жылдың 22 ақпанынан бастап 2024 жылдың 15 наурызына дейін қабылдайды.

Материалдарды жинауға жауапты тұлға: Сакаев Ерболат Толеубекович, тел. 8 (72251) 3 40 66,  факс 8 (72251) 3 31 80.

Пошта индексі 180010, Абай облысы, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4, Курчатов қалалық мәслихаты, электронды пошта maslihatkur@mail.ru

 

Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы