Көшпелі отырыс

Көшпелі отырыс

2023 жылғы 21 қыркүйекте қалалық мәслихаттың әлеуметтік даму, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы болып комиссия мүшелері Курчатов қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына барды.

Көшпелі отырыс барысында депутаттар «Күншуақ» пен «Журавушка» балабақшаларына барып атқарылып жатқан тәрбие жұмысы және тамақтандыруды ұйымдастыру барысымен танысып қайтты.

Комиссия жұмыс қорытындысы бойынша мектепке дейінгі мекемелердің басшыларына тамақтандыруды ұйымдастыру мен бракераждық комиссиялардың жұмысын тұрақты бақылау, сондай-ақ тәрбиеленушілерді әлеуметтендіру, оларды әлеуметтік-мәдени нормаларымен таныстыру бойынша жұмыстарды жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізу және отбасының, қоғам мен мемлекеттің дәстүрлері және олардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту жөнінде ұсыныс енгізді.

Курчатов қалалық мәслихаты