Тұрақты комиссия отырысы

Тұрақты комиссия отырысы

         2023 жылғы 19 қыркүйекте Курчатов қалалық мәслихатының бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы болып өтті.

Комиссия отырысында ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Курчатов қалалық аумақтық инспекциясының басшысы Н.А. Баденовтің «2022 жылы және 2023 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстары туралы» есебі тыңдалды.

        Есеп беру барысында Молдар және Дегелен елді мекендерінде мал қорымының және сою алаңының жай-күйінің ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай келмеуі, ауыл шаруашылығы малдарын ұйымдасқан түрде жаю және олардың сәйкестендіру биркаларының жоқтығы сынды түйткілді мәселелер айтылды.

        Комиссия өзекті мәселелерді қарау қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы органдарға мал сою алаңы мен мал қорымын салуға жергілікті бюджеттен қаражат бөлуді, сондай-ақ Дегелен және Молдар елді мекендерінде ауылшаруашылық малдарын жаю мәселесін ұйымдастыруды ұсынды.        Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Курчатов қалалық аумақтық инспекциясының басшысы Н.Ә.Баденовке ауыл шаруашылық малдарын сәйкестендіруді ұйымдастыру және сәйкестендіру бойынша деректер базасын жүргізуге бақылауды күшейту ұсынылады.

 

Курчатов қалалық мәслихаты