ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ

2023 жылы 11 қыркүйекте  қала әкімі Б.Т. Абдралиев, Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы Г.М. Хусайнованың қатысуымен Курчатов қалалық мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі, депутаттық өкілдік және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Комиссия отырысына Курчатов қаласының прокуроры Е.С. Кошкин, қалалық полиция бөлімінің басшысы Б.М. Исаков, қала әкімінің орынбасары Н.Т. Қошқарбаев және әкімдіктің дербес бөлімдерінің басшылары қатысты.

Комиссия отырысында Курчатов полиция бөлімінің бірінші орынбасары полиция подполковнигі А.С. Тлеугабуловтың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша ақпараты тыңдалды.

Талқылау қорытындысы бойынша комиссия заңның үстемдігін қамтамасыз ету, қылмыстарды ашу және тергеу кезінде азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрақты мониторингті жүзеге асыру бойынша ұсыныстар берілді.