Курчатов қалалық мәслихатының депутаты Александр Николаевич Борисенкоға

Курчатов қалалық мәслихатының депутаты Александр Николаевич Борисенкоға

Рожанович көшесі № 2 үй тұрғындары бірнеше жылға созылған жылу мәселесін шешуге көмектескені үшін АЛҒЫС білдіреді. Александр Николаевич Курчатов қаласының коммуналдық қызметінің жауапты тұлғаларын тарта отырып, мәселе шешімін тапқанша басы-қасында жүрді. Депутаттық жұмысына жауапкершілікпен қарайтын Александр Николаевич 48 пәтердің тұрғындарына жылулық пен жайлылықты қамтамасыз етті.

Сізге мықты денсаулық, баянды бақыт, қаламыздың өзекті мәселелерін шешудегі еңбегіңізге және депутаттық қызметіңізге сәттілік тілейміз!

 

Ізгі ниетпен алғыс білдіруші Жаманова Анар Темірбекқызы,
Рожанович көшесі 2-үй 45-пәтер.