2021 жылғы 29 қазанда В. В. Пронинаның төрағалық етуімен Курчатов қалалық мәслихатының заңдылық

2021 жылғы 29 қазанда В. В. Пронинаның төрағалық етуімен Курчатов қалалық мәслихатының заңдылық

2021 жылғы 29 қазанда В. В. Пронинаның төрағалық етуімен Курчатов қалалық мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі, депутаттық өкілдік және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті. Отырысқа Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы Б.Т. Тажиев қатысты.

Комиссия отырысында Курчатов қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы М.Б. Джанисовтың 2021 жылы Курчатов қаласында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы ақпараты тыңдалды.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылдың көктемінде Курчатов қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен мерзімді әскери қызметке 6 адам, нарядтан 12 адам шақырылды. Күзгі шақыруға алдын-ала наряд 17 адамды құрайды, оның ішінде: ҚР ШҚ ҰҚК– 5 адам, ҚР ҚК – 5 адам, ҚР ҰҰ – 5 адам, ҚР ТЖМ – 1 адам, ҚР МКҚ – 1 адам.

2021 жылдың күзінде мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын әскерге шақырылушыларды алдын - ала зерделеу ағымдағы жылдың 10 шілдесінен 28 тамызына дейін жүргізілді. ШҚО ҚІД алдын - ала нарядына сәйкес Курчатов қаласында оқуға күзде шақырылуға жататын 14 шақырылушының кандидатуралары іріктелді.

Курчатов қаласында әскерге шақыру контингентінің аз болуы проблемалық мәселе болып табылады, бұл нарядты орындау кезінде теріс әсер етеді.

Талқылау қорытындысы бойынша, Курчатов қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығына, тұрақты комиссия Курчатов қаласында әскерге шақырылушылардың сандық және сапалық құрамын анықтау мақсатында және азаматтарды шақыруды ұйымдасқан түрде өткізуді қамтамасыз ету үшін: қаланың заңды тұлғаларымен әскерге шақыру учаскесіне тіркелуге жататын азаматтардың тізімін нақтылау бойынша жұмысты белсендіру; жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мектеп бітіруші түлектер, жұмыспен қамтылмаған жастар арасында отансүйгіштік негіздерін нығайтуға, Қарулы Күштерде қызмет етуге деген бедел мен ынтаны көтеруге бағытталған тәрбие және идеологиялық жұмыстар жүргізу бойынша ұсынымдар берілді.

Курчатов қалалық мәслихатыНачало формы