2021 жылдың 28 сәуірінде жетінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс бесінші сессиясы Zoom бағдарламасы арқылы онлайн тәртібінде өткізілді

2021 жылдың 28 сәуірінде жетінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс бесінші сессиясы Zoom бағдарламасы арқылы онлайн тәртібінде өткізілді

2021 жылдың 28 сәуірінде жетінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс бесінші сессиясы Zoom бағдарламасы арқылы онлайн тәртібінде өткізілді.

Сессия жұмысына Курчатов қаласының әкімі А. Ю. Глазинский, әкім орынбасары Н.Т. Қошқарбаев, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы М.А. Абдикаримов қатысты.

Сессияда «Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы №21/169-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселе қаралды.

Курчатов қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы М.А. Абдикаримов депутаттарды әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына енгізілген өзгерістер туралы хабардар етті. Енгізілген өзгерістерге сәйкес Жеңіс күніне орай, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына әлеуметтік көмек мөлшері 215,9-дан 342,8 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды. Бұдан басқа, енгізілген өзгерістерге сәйкес АИТВ жұқтырған балаларға ай сайын 23,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көзделген, сондай-ақ әлеуметтік көмек алушы азаматтардың санаттары кеңейтілді.

Мәслихат депутаттары енгізілген өзгерістерге бірауыздан дауыс берді.

Курчатов қалалық мәслихаты