Тұрақты комиссия отырысы болып өтті

Тұрақты комиссия отырысы болып өтті

2021 жылғы 12-13 сәуірде Курчатов қалалық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп, депутаттық өкілдік және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес Б. А. Смағұлованың төрағалық етуімен комиссия отырысы өтті.

Комиссия жұмысына қалалық мәслихат хатшысы Б. Т. Тажиев, депутат А.Н. Борисенко, ШҚО ветеринария басқармасының «Курчатов – Вет» ШЖҚ КМК директоры Д. Т. Мұқанов, ҚР АШМ Курчатов қалалық аумақтық инспекциясының басшысы Н. А. Баденов қатысты.

Д. Т. Мұқанов «Курчатов-Вет» ШЖҚ КМК қаңғыбас және қараусыз жануарлар санын азайту жөніндегі жұмысы туралы» ақпаратпен таныстырды.

Комиссия жұмысы барысында депутаттар «Курчатов – Вет» кәсіпорны мен Курчатов қаласының мал қорымына барды.

Комиссия отырысы барысында депутаттар қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша қаулы қабылданды.

Курчатов қалалық мәслихаты