Тұрақты комиссия отырысы болып өтті

Тұрақты комиссия отырысы болып өтті

2021 жылдың 9 сәуірінде Курчатов қалалық мәслихатының әлеуметтік даму, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес С.А. Березиннің төрағалық етуімен комиссия отырысы болып өтті. Отырыс Zoom бағдарламасы арқылы онлайн тәртібінде өткізілді.

Комиссия жұмысына депутаттар С.Г. Остапенко, Д.К. Жакипова, М.С. Кадыров, Курчатов қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының міндетін атқарушы Т.В. Левченко және бөлімнің бас маманы Г.Ж. Рыспекова қатысты.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың басқа да шаралары туралы» мәселе бойынша Г.Ж. Рыспекова сөз сөйледі.

Комиссия отырысы барысында депутаттармен қойылған сұрақтарға толық жауап берілді. Комиссия отырысы нәтижесінде қаулы қабылданды.

Курчатов қалалық мәслихаты