Кезектен тыс 4 сессия болып өтті

Кезектен тыс 4 сессия болып өтті

2021 жылдың 18 наурызында сағат 10.00-де жетінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс төртінші сессиясы Zoom бағдарламасы арқылы өтті.

Сессия жұмысына Курчатов қаласының әкім орынбасары Дәурен Дәуітбекұлы Өлмесеков, Курчатов қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Сабыров Досжан Сабырұлы, экономика және қаржы бөлімінің бюджетті жоспарлау  және орындау бойынша сектор меңгерушісі Қуандықов Асхат Жұматұлы қатысты.

Күн тәртібі:

  1. Курчатов қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 48/361-VІ «Курчатов қаласының 2021 – 2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Жетінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихаты кезекті бесінші сессиясының төрағасы туралы.

Депутаттар қарастырылған барлық мәселелер бойынша шешімдерді бірауыздан қабылдады.