
2026 жылғы 18 қыркүйекте Курчатов қалалық мәслихатының төрағасы Г.М. Хусайнованың, Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Р.Б. Асылкановтың, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Ю. Глазинскийдің, Курчатов қаласының Мансап орталығының директоры А.М. Султанованың қатысуымен қалалық мәслихаттың әлеуметтік даму, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті.
Отырыста А.М. Султанованың «Қала халқын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының іске асырылуы туралы» ақпараты тыңдалды.
Ақпаратты тыңдап және талқылай келе, тұрақты комиссия А.М. Султановаға халықты жұмысқа орналастыру және жұмыссыздар санын азайту үшін орталықтың мүмкіндіктері мен ресурстарын барынша пайдалануды ұсынды.
Курчатов қалалық мәслихаты