2026 жылғы 29 қыркүйекте сағ. 10.00-де сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезекті қырық жетінші сессиясы болады. Өткізілетін орны: Курчатов қаласы әкімдігінің отырыс залы, Тәуелсіздік көшесі 4.
Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
- Курчатов қаласындағы жылумен қамтамасыз етуші ұйымдардың, тұрғын үй қорының және әлеуметтік-мәдени нысандардың жылыту маусымына дайындығы туралы.
- Курчатов қаласын дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған жоспарының іске асырылу барысы туралы.
- Мәслихаттың бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі (Витюк В.А.).
- Мәслихаттың әлеуметтік даму, экология, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі (Гулькова Е.Л.).
- Әртүрлі.
Курчатов қалалық
мәслихатының төрағасы
Г. Хусайнова