«Фавипиравир» атты вирусқа қарсы дәрілік препаратты  пайдалану бойынша ақпарат

«Фавипиравир» атты вирусқа қарсы дәрілік препаратты  пайдалану бойынша ақпарат

Облыс әкімі Д.К.Ахметовтің тапсырмасы бойынша, Курчатов қаласының әкімі А.Ю. Глазинскийдің 2020 жылғы 24 қарашадағы өкімімен  коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Фавипиравир» дәрілік препаратын қолдануды бақылау бойынша Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы  Г.Қ.Қарымбаеваның төрағалық етуімен қоғамдық комиссия құрылды.

Қоғамдық комиссияның құрамына әлеуметтік мәселелер жөніндегі әкім орынбасары Н,Т. Қошқарбаев, ішкі саясат бөлімінің Н.Г. Котова, Курчатов қалалық мәслихатының депутаттары және қаласы Қоғамдық кеңесінің өкілдері енгізілді.

2020 жылдың 25 қарашасында комиссиямен "Курчатов қалалық ауруханасы" ШБҚ МКК тексеру жүргізілді. Тексеру барысында Курчатов қалалық ауруханасына 3 000 дана «Фавипиравир» атты вирусқа қарсы дәрілік препарат  келіп түскен. Короновирус инфекциясымен ауырған үш адам аталған дәріні қабылдауда.

2020 жылдың 25 қарашасындағы жағдай бойынша қалған дәрі 2858 дананы құрайды.

Курчатов қалалық мәслихатының
Хатшысы Г. Карымбаева