
2026 жылғы 18 маусымда Курчатов қалалық мәслихатының кезекті 43-ші сессиясы өтті. Сессия жұмысына Курчатов қаласының әкімі Б.Т. Абдралиев, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, қалалық ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары қатысты.
Сессия барысында Курчатов қаласы әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы есебі тыңдалды.
Есепке сәйкес, негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша қалада оң динамика байқалады.
2026 жылдың бес айының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінде 222,2 млн теңгеге өнім өндіріліп, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,3 млн теңгеге өсімді қамтамасыз етті.
Қалада екі ірі өндіріс орны мен екі автожанармай құю станциясының құрылысы жоспарлануда. Инфрақұрылым объектілерін — жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жөндеу және жаңғырту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Қаланың қоғамдық кеңістіктеріне түрлі тұқымды 1160 түп ағаш және 33 000 дана гүл көшеттері отырғызылды. Ағымдағы жылы 5 тұрғын үйдің қасбетін сырлау, сондай-ақ қала көшелеріндегі 42 шақырым жолды қайта жаңарту жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.
Мәслихат шешімімен әкімнің есебі бекітіліп, оған жергілікті шағын бизнесті іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларға біріктіру және қала тұрғындарын жұмыспен қамту бойынша ұсынымдар берілді.
Сондай-ақ сессияда күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер қаралып, олар бойынша тиісті шешімдер бекітілді.
Курчатов қалалық мәслихаты