
2026 жылғы 15 мамырда онлайн режимде сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық бірінші сессиясы өтті.
Сессияда депутаттар учаскелік және округтік сайлау комиссияларының жаңартылған құрамын бекітті.
Сессияда Курчатов қаласының учаскелік және округтік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.
№ 155, № 156, № 159, № 160 учаскелік сайлау комиссияларының және № 8 округтік комиссияның құрамдарына шығып қалғандардың орнына жаңа мүшелер енгізілді.
Курчатов қалалық мәслихаты